×

Алматыдағы антидопинг зертханасы шектеу мерзімін азайтуға құқы бар

AstanaTV
30.06.2016ж. 20:00
1613
Алматыдағы антидопинг зертханасы шектеу мерзімін азайтуға құқы бар

Жұмысы 4 айға шектелген Алматыдағы антидопинг зертханасы көрсетілген мерзімнен бұрын жұмысқа кірісе алады. Ол үшін өтініш жасауға құқы бар. Бұл жайында біздің арнаға зертхана мамандары айтты. Айтуларынша, зертхана аккредитациядан айрылған жоқ, тек жұмысын уақытша 4 айға тоқтатты.

Еске салайық, Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі Алматыдағы допингке қарсы зертхана жұмысын төрт айға шектеген болатын. Шешім 24 маусымда күшіне енді. 2003 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан зертхананың қазір допингке қарсы сынамалар жасауға құқығы жоқ. Бұған дейін Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі  жазғы олимпиада ойындары өтетін Рио-де-Жанейро қаласының антидопингтік зертханасын да аккредиттеу құқығынан айырған болатын. Сондай-ақ, бұл тізімде Испания мен Португалиядағы мекемелер де бар.

Айгүл ЕРМАХАН