$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Каспий газ құбыры консорциумындағы жөндеу жұмысы аяқталуға жақын

AstanaTV
20.04.2022ж. 20:00
1169
Каспий газ құбыры консорциумындағы жөндеу жұмысы аяқталуға жақын

Каспий газ құбыры консорциумындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, мемлекет басшысының қабылдауында айтты. Президентке айлақтың жылжымалы құрылғылар жүйесін жөндеу жұмыстары жөнінде баяндады.

Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жұмыстар біздің пікірімізше ертең аяқталуы тиіс. Сәттілігімен аяқталғаннан кейін КТК 100 пайызға дейін өзінің мощностіна шығатын болады. Газ-химиялық жоба туралы баяндадым. Келе жатқан 2-3 айдың ішінде Атырау қаласындағы полипропилен шығаратын зауыт іске қосылатын болады.Соның нәтижесінде Қазақстан экспорттаушы газ химиялық продуктардың экспортеріне айналатын болады.

Л. Қуанышқызы