Қазақстанда қоршаған ортаның ластануынан өлім- жітім көбейген. Әрбір үшінші адам табиғаттың шамадан тыс ластануы салдарынан мезгілсіз ажал құшады дейді мамандар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде бұл көрсеткіш 30 пайыз. Ал Қазақстанда Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында жағдай күрделі. Осылай дабыл қаққан тәуелсіз экологтар мен ғалымдар экология заңнамасын қайта қарауды ұсынады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының тұрғындары ауада қалқып жүрген аммиак, қорғасын, күкірт, азот диоксидінің қалдығын жұтады. Салдарынан мезгілсіз өлім- жітім көбейген.
Дмитрий КАЛМЫКОВ, ТӘУЕЛСІЗ ЭКОЛОГ:
Өлім- жітімнің 30 пайызы түрлі аурулардан, тағы 30 пайызы қоршаған ортаның шамадан тыс ластануынан болады. Бұл- әрбір үшінші адам мезгілсіз ажал құшады деген сөз. Ауа лас па, өкпе ауырады, жүйке жүйесі, адамның репродуктивтік жүйесі, ментальдық қызметі бұзылады. Адамның денсаулығы тікелей ауаға, суға, жерге байланысты.
Қарағанды Медицина университетіне қарасты кәсіби денсаулық институты да экологиялық апат ошақтарында ғылыми зерттеулер жүргізген. Нәтижесі қорқынышты.
Бауыржан ОМАРҚҰЛОВ, «ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДЕНСАУЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
2019- 2018 жылы Арал өңірін тексерді. Экологиялық бедствие катастрофа жүріп жатыр Қазақстанда. Соның әсерінен ғалымдардың зерттеулері бойынша сол жерлерде онкологияның жаңағы созылмалы өкпе ауруы, асқазан- ішек ауруларының пайда болуы бар.
Кәсіби денсаулық емханасына соңғы екі жылда 7 мыңнан астам адам тіркеуге алынған. Бірінші орында- тірек – қимыл жүйесі аурулары, екінші - өкпе, ал үшінші орында -есту мүшелерінің аурулары тұр. Дертке шалдыққандардың дені - ауыр өнеркәсіп жұмысшылары, металлургтер мен шахтерлар.
Дүйсенбек ЕРЖАНОВ, БҰРЫНҒЫ ШАХТЕР:
18 жасымда шахтаға түстім. 50 жасымда шахтадан шығарып жіберді. Профзаболевание деді белді, құлақты бәрін. Сонымен жүрмін. Емделу керек, постоянно емделу керек. Күтім керек.
Ғалымдар шын мәнінде кәсіби ауруға шалдыққандар ресми статистикадан да көп дейді. Өйткені ірі кәсіпорындар жұмысшыларын өз емханаларында қарайды, ауру көрсеткіштерін жасыратын көрінеді.
Бауыржан ОМАРҚҰЛОВ, «ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДЕНСАУЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Диспансерлік бақылауға өз мекемелерінде алып кәсіби аурулардың деңгейін түсіру үшін бізге жібермей отырды. Асқыну түрлерінде келіп тұр мысалы. Бір адамда бір немесе бірнеше кәсіби ауру деген диагноз болуы мүмкін.
Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:
Елімізде жылына 600-700 адам кәсіби ауруға шалдығады. Ғалымдар ірі кәсіпорын жұмысшыларын мемлекеттік мекемеде қарап емдеуді ұсынады. Сонда ғана зардабы шексіз өнеркәсіп жұмысшыларының денсаулығын жақсартуға болады, - дейді. Ал экологтар заң бұзғандарды жазалауды, жалпы заңнаманы қайта қарауды талап етеді.
А. Қуаш