$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды

AstanaTV
22.04.2022ж. 20:00
1986
Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды

Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. Ол "аса ірі көлемде" пара алды деген күдікке ілігіп отыр. Аймақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, экс-полицейге қатысты іс қозғады. Ведомство өкілдері қазіргі уақытта лауазымды тұлғаның орналасқан жерін анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіп жатқандарын хабарлады.  Естеріңізге салайық, Нұрлан Мәсімов биыл қаңтар айында қызметінен босатылған болатын. Өңірдің полиция департаментін 2019 жылдан бері басқарған. Ол - мемлекетке сатқындық жасады - деп айыпталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.

Қазбек МАРДАНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке қатысты сотқа дейін тергеу бастады. Оған 2 айға дейін қамауға алу туралы сырттай санкция шығарылды. Күдіктіге 21 сәуірден бастап іздеу жарияланды. Қалған ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етуге жатпайды.

Ө. Қуанар