$484.19 €524.28 ₽5.03
×

ШҚО-да жетім қалған қонжық жаңа жерге орналастырылды

AstanaTV
30.06.2016ж. 20:00
2546
ШҚО-да жетім қалған қонжық жаңа жерге орналастырылды

Шығыс Қазақстан облысында табылған аю қонжығы Камышинское ауылындағы зообаққа орналастырылды. Осы уақытқа дейін жетім қалған қонжықты асырап алған имам туралы айтқан болатынбыз. Енді міне дала жануарына жаңа баспана табылды. Ветеринарлар екпелер жасаған.

Қазіргі күні қонжық күн санап салмақ қосып келеді. Жабайы аң азғана уақыттың ішінде  бала-шағаның сүйіктісіне айналған. Оны көруге таңның атысынан кештің батысына дейін келетін адамдардың қатары қалың.

Игорь Акулов, қожалық басшысы:

Өзін жақсы сезінеді. Бірден жаңа үйіне үйреніп кетті. Бастысы - ауыл балаларының қуанышында шек жоқ. Көрші ауылдардан да арнайы аюды көруге келетіндер де бар.