$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Президент уәдесінде тұрды,- Е.Қарин

AstanaTV
26.04.2022ж. 20:00
1527
Президент уәдесінде тұрды,- Е.Қарин

"AMANATқа" «Adal» партиясының қосылуы, бұл - саяси ұйымның электоралдық базасының кеңеюіне жол ашты. Мемлекеттік хатшы Ерлан Карин әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деді. Жалпы, бұл бастама "AMANAT" партиясының түрленуіне сәйкес келіп отырғанын айтты. Дегенмен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың партия төрағалығын тоқтату және саяси ұйым қатарынан шығу туралы шешімін - бүгінгі алқалы жиынның басты жаңалығы,- деп атады.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Қаңтар айында партия төрағасы қызметіне кіріскен кезде Мемлекет басшысы бұл қызметті уақытша, яғни жыл соңына дейін қабылдайтынын  мәлімдеген болатын. Саяси уәде орындалды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы наурыздағы Жолдауында ел Президенті өз өкілетін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияның мүшесі болмауы керек деген норманы Конституцияға бекітуді ұсынды. Осылайша, Президент Конституцияға өзгерістер енгізуді күтпей-ақ, өзі бастаған саяси реформаларды іс жүзінде жүзеге асыруға кірісті. Сонымен қатар, Amanat бұрынғысынша президенттік реформалар бағытын жақтаушыларды шоғырландыратын ядро болып қала береді.