Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Мемлекет басшысынан болашақ президенттерге арнайы месседж",- саясаттанушы

AstanaTV
26.04.2022ж. 20:00
1341
"Мемлекет басшысынан болашақ президенттерге арнайы месседж",- саясаттанушы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан, болашақ президенттерге арнайы месседж. Саясаттанушы Самат Нұртаза, Конституцияға енгізілетін өзгерістердің бірі - Президент өкілеттілігіне қатысты осылай деді. Оның айтуынша, бұл өзгерістер тек  қана Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатысты ғана емес.

Самат НҰРТАЗА, САЯСАТТАНУШЫ:

Тек қана Тоқаевқа қатысты нәрсе емес, бұл болашақ президенттер яғни Қасым-Жомарт Тоқаевтан кейінгі болатын үшінші, төртінші, бесінші президенттерге арналған бұл месседж. Яғни , Қасым-Жомарт Кемелұлы құрып жатқан,  құрып кеткен ереже бойынша өмір сүрсе, ертең мемлекетіміз дамиды. Сондықтан да менің ойымша бұл дұрыс шешім деп есептеймін.


Саясаттанушы Самат Нұртаза конституциялық кеңесте ұсынылып жатқан өзгерістерді қос қолдап қолдайтынын айтты. Сондай-ақ, Заң қабылдау құқығы енді мәжіліске беріледі. Ал, Сенат Мәжіліс қабылдаған заңдарды мақұлдау немесе мақұлдамау құқығына ие болмақ.  Оған қоса, сайлау жүйесінде де біршама өзгерістер ұсынылып отыр. Енді сайлауалды уәдесін орындамаған депутаттардың мандаттын кері қайтарып алуы мәселесі де жаңа өзгерістерде қаралып жатқанын тілге тиек етті.

Ә. Дүкембаева