Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Бұзақылар ағайынды үш жігіттің басына секіріп, тепкілеген

AstanaTV
26.04.2022ж. 20:00
1186
Бұзақылар ағайынды үш жігіттің басына секіріп, тепкілеген

Екібастұзда жаппай төбелес кезінде ағайынды үш жігіт соққыға жығылды. Бұл туралы олардың анасы әлеуметтік желіде жазды. Ұлдарын аяусыз ұрып, тепкілегендердің  жазалануын сұрайды. Жаппай төбелес бейнебақылау камерасына жазылып қалған көрінеді.

Анасының айтуынша, кіші ұлының миы шайқалып, құлақ, мұрын, жақ сүйегі сынған. Ал ортаншыны есінен танғанша соққының астына алып, басына мініп, секірген дейді. Үлкен ұлы полиция шақырмақ болған кезде, ішімдік ішкен жігіттердің бірі оған да жұдырық ала жүгірген.  Ағайындылардың анасы ол кезде қастарында болған көрінеді. Айтуынша, бұзақылар оған да қол көтерген.   Аталған іске байланысты  Екібастұз қалалық  полиция басқармасы  іс қозғаған.

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ:

Екібастұз қаласының полиция басқармасы аталмыш фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу материалдарын ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 300-бабы тәртібінде прокуратураға жіберді.

Ө. Қуанар