Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Алматыдағы атышулы «Алтын Орда» базарынан шу шықты

AstanaTV
26.04.2022ж. 20:00
1476
Алматыдағы атышулы «Алтын Орда» базарынан шу шықты

Алматыдағы атышулы «Алтын Орда» базарынан шу шықты. 800-ден астам кәсіпкер  жаңадан салынып жатқан сауда кешеніне қатысты наразылық білдірді.  Айтуларынша, ғимараттың құрылысына өз қалталарынан қаржы құйған. Әр орынға 7 миллион теңгеден бердік дейді. Енді жаңа басшылық ол орынды тартып алмақшы көрінеді.  Неге? Тараптарды тілшіміз Әсем Лесбек тыңдады.  
 
Жыл он екі ай үзіліссіз жұмыс істейтін базарда бүгін қызған сауда жоқ. Сеңдей соғылысқан жұрт та көрінбейді. Себебі, саудагерлер өз мәселесімен бас қатыруда.  
 
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

 
Кәсіпкерлердің бас ауруына айналған сауда нысанының құрылысы осыдан  екі жыл бұрын басталған. Аумағы -30 мың шаршы метр. Саудагерлер бұл ғимараттан орын алу үшін 4 млрд теңге қаражат жұмсағандарын айтады.

Базарды модернизациялау кезінде кәсіпкер Әлия Әбдіжанованың 4 сауда нүктесі бұзылған.  Сондықтан жаңадан салынып жатқан нысаннан орын сатып алыпты.    

Әлия ӘБДІЖАНОВА, КӘСІПКЕР:

Ескі тұрған мына директорлорға ақшасын бердік. Енді жаңа бастықтар келген кезде сіздер қайтадан жаңадан төлейсіңдер дейді. Өйткені ескі бастықтар бұрынғы ақшаны алып кеткен дейді. Адам басына 18 мың доллардан енді 20 мыңға көтерді.
 
800-ге жуық кәсіпкер әр орын үшін 7 миллион теңгеден құйған.Одан бөлек жердің иесіне төленетін  ай сайынғы жалдау ақысы бар.
 
Зоя ӘЛІМБЕТОВА, КӘСІПКЕР:

Әр бутикке 7 млннан 8 млннан төлеп отырмыз. Мен 20 млн құйып тұрмын.  4 бутик алып тұрмын. 20 млн ақша құйып тұрмын. Енді қай жағына барарымды білмеймін. Бізге тек бутигімізді  істеп берсін. Екі жылдан бері төлеп жатырмыз ғой біз. Қара еңбегіміз.

 
Гүлнәр ИТИЯРОВА, КӘСІПКЕР:

Екі бутик алып жатырмын қазір мен. Ақшаларымызды өткізгенде документ алмағанбыз ол жерден. Енді біздің талабымыз жаңа бастық болсын, бұрынғы бастық болсын бізің төлеген ақшаларымызға бутигімізді салып берсін.
 
Күнделікті шәй-пұлының ақысын осы жерден  тауып жүргендер, енді қайда барарын білмей дал. Жаңа басшының талабы  төбемізден жай түсірді дейді олар.   Ал басшылық  кәсіпкерлерге көмектесеміз дейді.   
 
Ермек МАРХАБАЕВ, «АЛТЫН ОРДА» БАЗАРЫ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

Халық тіршілік жасаймын деп осы  точкаларды алып жатыр. Сол точкаларын біз өздеріне береміз. Бізге даже сіздердің берген ақшаларыңды кім қанша ақша беру керек екенін бәрінің дәптерін қалдырып кетіруі керек еді. Бізге бір қағаз қалдырған жоқ. Біз бәрін с нуля восстановливаем.

 
Ермек Мархабаевтың айтуынша,  жағдайды қалыпқа келеді. Нысанның құрылысы бір жарым айда аяқталады дейді. Сатушылар  тиісті орындарына жайғасып, саудасын жүргізеді деп уәде берді.  
 
Ә. Лесбек