$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Өрттің алдын алғанмен, отты ауыздықтауға қауқарсыз", - ТЖМ

AstanaTV
26.04.2022ж. 20:00
1584
"Өрттің алдын алғанмен, отты ауыздықтауға қауқарсыз", - ТЖМ

Былтыр орман өртінен 6 миллиард теңгеден астам материалдық шығын келді. Төтенше жағдайлар министрінің мәліметінше, өткен жылы 167 мың гектар  алқап жанып кеткен. Ең көп дерек - Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Қостанай облыстарында тіркелді. Юрий Ильин биыл да өрттің қауіп жоғары,- дейді.  Қазгидромет мамандары   республиканың оңтүстік, шығыс және батыс бөлігінде жауын жаумай, құрғақшылық болатынын, сынап бағанасы +40ºС дейін жоғарылайтынын ескертуде. Ведомство басшысы тілсіз жаудың алдын алу  шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бірақ,  өңірлердегі орман шаруашылығы мекемелерінің қажетті техникамен жарақтандырылуы көңіл көншітпейді дейді.

Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:


Табиғат қорғау және орман мекемелерінің жарақтандырылуы 50%-дан аспайтын өңірлер бар. Мәселен, әкімдіктерге қарасты Атырау облысында- 20%, Қызылордада – 33%, Батыс Қазақстанда -47%, Шығыс Қазақстан облысының Экология министрлігіне қарасты мекемелердің  жарақтандырылуы -24%, Ақтөбе – 47%, Солтүстік Қазақстан-48% процент. Қазір қолда бар әрбір бесінші техника бірлігі пайдалану мерзімінің ұзақтығына байланысты өртті жоюға дайын емес.


Табиғи өрттердің талдау нәтижесі, оттың тұтану себебі- 43% табиғи құбылыстардан, ал 50%-дан астамы адамдардың әрекетінен болатынын көрсеткен. Осыған байланысты министрлік   халықтың орман алқаптарына кіруін шектеу керек дейді. Жыл басынан бері елімізде 42 көктемгі орман өрті тіркелген.  Қарағанды облысында кеше бір күнде 50-ге жуық өрт болған.   25 гектарға жуық аумақ жанып кетті.  

А. Данияр