Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Ақылы жол үшін айыны 250-300 мың теңге төлейміз",-жүк көлігінің жүргізушісі

AstanaTV
28.04.2022ж. 20:00
1172
"Ақылы жол үшін айыны 250-300 мың теңге төлейміз",-жүк көлігінің жүргізушісі

«Ақылы жол үшін  айыны 250-300 мың теңге төлейміз. Қалтамызды қағып жатыр». Осылай деген қызылордалық жүк көлігінің жүргізушілер «Батыс Европа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойына тағы жиналды. Айтуларынша, тапқан табыстарының жартысынан көбін ақылы жолға төлейтін көрінеді.  «Кейде дұрыс есептелмей, артық төлем  алады» дейді олар.

Жүк көлігінің  жүргізушілері  тапқан табысымыздың жартысы ақылы жолға кетеді дейді.  Айтуларынша, автобөлшектер де 2 есе қымбаттаған.  Жолдың сапасы-бір мәселе, ал қауіпсіздік жайы өз алдына проблема екенін айтады.   

Маралбек ЖҮСІПБЕК, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ:

Отбасымызды осы Камазбен асырап отырмыз. Көпбалалы әкеміз, келіншегім жұмыс істемейді. Дизель қымбат, автобөлшектер қымбат, жол сапасы да көтермейді. Тауып келіп жатқан ақшамыз осы тарифке төлеуге кетіп жатыр.

Негізінен қиыршық тас таситын жүргізушілер қызмет құнын да өсіре алмаймыз дейді. Себебі халықтың қалтасы көтермейді. Ал соңында өзіміздің тақырға отыратын түріміз бар деп отыр. Олардың айтуынша, тариф дұрыс есептелмейді. Сондықтан жүк көліктеріне бір жылға арналған абоненттік төлем енгізуді сұрайды.
 
Нұрлыбек ШІЛІМБЕТОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ:


Дұрыс есептелмей жатыр. Әртүрлі шығып жатыр. Мысалы бір балаларға 12 мың, біреуіне 9 мың, біреуіне 8 мың шығып жатыр.  Қалтамызға ауыр тиіп жатыр. Өзіміздің отбасымыз бар. Отбасымызды асыраймыз ба, әлде «Қазавтожолды» асыраймызба. Жылына тариф қойып берсе 50 мың теңге. Біздің шамамыз соған жетіп тұр.

Жиналғандар бұған дейін де жауапты мекемелердің табалдырығын тоздырған. Талаптарын жазбаша да жолдапты.  Бірақ ешқандай жауап ала алмағандарын айтады. Бүгін олар «Қазавтожол» ұлттық компаниясының өкілдерін сұрақтың астына алды.

Жауаптылардың айтуынша, жүк көлігі жүргізушілерінің талаптары жақын арада орындалмайды. Оның өзіндік тәртібі бар көрінеді.   

Шанжархан МЫРЗАБАЙ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл кісілердің негізі сұрап тұрғаны абоненттік төлем ғой. Оған әзір абоненттік төлем әзір болмайды. Талап арыздарыңыз жазып, қол қойып беріңіздер. Біз әрі қарай бас офис бар, орталық аппаратта. Соған жеткіземіз. Ол кісілер әрі қарай министрлікке тағы да жібереді.

Қызылорда мен Жаңақорғанның арасында тас тасуды кәсіп қылғандар бұнымен тоқтамаймыз дейді. Министрлікке  хат жолдамақ. Ондағылар құлақ аспаса,   күре жолды жабудан басқа амалымыз жоқ дейді.
 
М. Тоқтасынқызы