$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Президентке Ішкі істер министрлігінің жұмысы туралы есеп берілді

AstanaTV
28.04.2022ж. 20:00
1350
Президентке Ішкі істер министрлігінің жұмысы туралы есеп берілді

Бүгін Ішкі істер министрі Президентке қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстарды тергеп-тексеру, кінәлілерді анықтап, жауапқа тарту, ұрланған қаруларды заңсыз айналымнан алу жұмыстары жөнінде есеп берді. Марат Ахметжановтың дерегінше қылмыстық істер көрсеткіші 7,6 пайызға төмендеген. Бұдан бөлек, жол жүру ережелерін қасақана бұзғандарды анықтауға бағытталған «Қорғау» деп аталатын жаңа бағдарлама таныстырылды. Мемлекет басшысы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жауапкершілікті қатаңдату қажет екенін атап өтті.

Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:
 
Бүгінде іске асырылып жатқан орталық биг-дата орталық жұмысымен таныстырдым. Бұл жерде мынау заман талабына сай цифрлық технологияларда халықтың игіліне қолдану барысында жасалып жатқан жұмысты баяндадым.