Жалпыұлттық референдумда халықтың пікірін ескеру өте маңызды. Бұл Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" концепциясында да айқын көрсетілген, дейді саясаттанушылар. Айтуларынша, конституциялық өзгерістер кез келген қазақстандықтың негізгі құқықтарына тікелей әсер етеді. Соның ішінде сайлау бойынша өзгерістер күтілуде. Яғни аралас сайлау жүйесі енгізілуі мүмкін. Сонымен бірге, халық үшін тағы бір оңды өзгеріс - Конституциялық соттың пайда болуы. Егер де тұрғындардың құқығы бұзылса, құзырлы органға тікелей өтініш білдіре алады.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
Қазақстанның азаматтары Конституцияға енгізілетін 33 өзгертулер бойынша, өзі дауыс беру арқылы референдумға өзінің алдағы уақытта науқанға қатысуы керек. Жаңа ережелер, жаңа заңнамалар қажет. Ал, ол тек қана Ата заңда болатын толықтырулар мен өзгерістер негізінде болмақ. Және осыған жалпы халықтық референдум арқылы халықтың негізгі дауысы ескерілетін болады.
Аян САКОШЕВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІСІ:
Бұл өзгерістерге түбегейлі осы билік тарапынан қоғаммен, халықпен жұмыс істеу тәртіптерін өзгертеді. Ең біріншіден, есептілік және ашықтық принципіне келіп отыр. Яғни бұл жерде біздің саяси жүйеміздің үлкен бір реформаға ұшырауын көріп отырмыз және де осы барлық реформалар осы біздің негізгі басты құжаттан басталады.
А. Данияр