$516.01 €582.47 ₽6.26
×

2025 жылға дейін 3 жарым мыңнан астам ауыл жаңғыртылады

AstanaTV
29.04.2022ж. 20:00
1154
2025 жылға дейін 3 жарым мыңнан астам ауыл жаңғыртылады

2025 жылға дейін  елімізде 3 жарым мыңнан астам ауыл жаңғыртылады. Елдімекендерді гүлдендіруге негізделген нақты жобалар «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасына сәйкес іске асырылуда. Партиялықтар өңірлерді дамыту жоспарларының    аясын кеңейту мәселесін бүгін Өңірлік даму жөніндегі кеңес отырысында  пысықтады.  Алдағы міндеттер нақтыланды. Сондай-ақ,   өткен жылы ауыл- аймақ тұрғындарын баспанамен қамту және  "Ауыл -ел бесігі" жобасының  іске асырылу жайы айтылды.

Еркебұлан ДАУЫЛБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Ағымдағы жылы 15,1 млн.шаршы метр жаңа тұрғын үй немесе 137,7 мың тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. 97 мың отбасы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылады. Айта кету керек, ағымдағы жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтардың жекелеген санаттарының тұрғын үй мәселелерін жедел шешу мақсатында тұрғын үй төлемдерін субсидиялау тетігі енгізілуде.


Басқосуда  кеңестердің тиімділігін арттыру,  азаматтық қоғамға өзекті тақырыптарды талқылау үшін сарапшылық және диалогтық алаңдарды ұсыну мен толыққанды пікір алмасуды қамтамасыз етуді жетілдіру жайы да сөз болды. Кеңес төрағасы жауаптыларға жұмысты жандандырып, сапалы орындау мақсатында мониторинг жүргізіп, қоғамдық бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар партия жанындағы кеңестің жаңа құрамы таныстырылды.

Әмірхан РАХЫМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Партия Төрағасымен келісім бойынша Саяси кеңес Бюросының шешімімен атқаратын жұмыстың қайталануына жол бермеу және оның тиімділігін арттыру мақсатында республикалық кеңестердің саны 14-тен 9-ға дейін, ал аймақтарда 12-ден 8-ге дейін, аудандық деңгейде 9-дан 5-ке дейін қысқарғанын атап өту қажет.


Ә. Бердібеков