Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматылық жастар ұлттық спорт түрлерінен жарысты

AstanaTV
29.04.2022ж. 20:00
1071
Алматылық жастар ұлттық спорт түрлерінен жарысты

Алматылық жастар ұлттық спортты ұлықтады. Түрксіб ауданындағы мектеп оқушылары арасында асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту бойынша сайыс өтті. Спорттық бәсеке «Ұлттық мұра» жобасы аясында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған. Оған 10 команда қатысып, бақ сынады. Сайысқа «Amanat» партиясы қолдау көрсетті.   

Серікболсын САРЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКСІБ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан халықтарының бірлігі күніне спорттық жарыс өткізіп отырмыз. Аудан мектептерінің оқушылары қатысып отыр. Партияны жаңғырту аясында бастауыш партия ұйымдарына 20 пайыздық жарнаны қайтару бойынша, біз іс шара өткізіп отырмыз.

«AMANAT»-тың 22-съезінде партия мүшелері ұйым жарналарының 20%-ын бастауыш партияларға қайтаруды ұсынды. Аталған қаражатты жұмсау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылған. Медеу ауданындағы көпбалалы және жалғызбасты аналарға,  тұрмысы төмен отбасыларына азық-түлік себеттері таратылды.  

Азат ӘЖІМАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ МЕДЕУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
 
Өздеріңіз білесіздер Аманат партиясының Бақытты Отбасы деген жобасы бар. Соның аясында біз осындай көп балалы отбасыларға арналған, жалғызбасты аналарға арналған, өмір сүру жағдайы қиын отбасыларға ақпараттық танымдық іс шара өткізген болатынбыз. Бүгін соның екінші кезеңі.  

Баян ЖҰМАҒҰЛОВА, ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА:

Алғысымды білдіремін Бақытты отбасына бізге өте көп көмектеседі. Курстарға жазылуымызға, тегін курстар бар және жұмыспен қамтиды. Жұмыс тауып береді. Және азық-түлікпен бізге тегін беріп тұрады.

Ә. Лесбек