$458.69 €501.3 ₽6.52
×

Жауын-шашын жиілеген Алматыда ауа райы тағы да тосын мінез көрсетті

01 шілде 2016
1913
Жауын-шашын жиілеген Алматыда ауа райы тағы да тосын мінез көрсетті

Алматыда бүгін тағы да ауа райы тосын мінез танытты. Шырт ұйқыда жатқан жұрт күннің күркіреуінен оянған. Тіпті қатты дыбыстан тұрақ біткеннің бәріндегі көліктердің дабылы іске қосылып, айналаны шу басқан.

- Иә, естідік. Жаңбыр болады деп ойладық, бірақ қатты болды, өмірде ондай естіген жоқпын. Үйде есіктің бәрі сілкілдеп, машиналар далада сигнализация бәрі істеп кетті. Қатты болды, қорқып кеттік бір жағынан.

- Ешқашан осындай дауыстарды естіген жоқпын. Ұйықтап жатқанмын. Тұрғанда естіп тұрмын, біреу ұрып жатқандай ма не атып жатқандай ма болды. 

Күннің күркіреуі бір сағатқа созылған. Синоптиктер табиғи құбылысты аномальдық жағдайға теңеп отыр. Яғни бұлттың төменгі шегі жерге 4,5 шақырым қашықтыққа дейін таяған, сондықтан да дыбысы қатты шыққан.

«Қазгидромет» орталығының болжамына қарағанда, шілде айында республиканың басым бөлігінде күн жаңбырлы болады. Әсіресе, оңтүстік, шығыс және солтүстік аймақтарда. Ал тамыз айына қарай күн ысымақ. Батыс өңірлерінде, керісінше, шілде айы жайма-шуақты болады деп болжанып отыр. 

Саида Бердібекова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

Шілде айында Қазақстанның батыс бөлігінде ғана ыстық күн сақталады. Ал өзгесінде 16-сына дейін өтпелі жауан-шашын күтіп тұр. Температура қалыпты жағдайдан төмен болады. Бұл Сібір мен Скандинавия аймағынан келген ауа райының әсері. Елордада Астана күндерінде де жаңбыр болады деп болжап отырмыз. Нағыз жаз тамыз айына жақын орнайды. 

Құралай ПИОНЕР

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар