Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Соңғы 2,5 жылда 1500 теміржолшы жұмыссыз қалған

AstanaTV
01.07.2016ж. 20:00
1560
Соңғы 2,5 жылда 1500 теміржолшы жұмыссыз қалған

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы соңғы 2,5 жылда мың жарым қызметкерін жұмыстан босатқан. Оның 1 мыңға жуығы кәсіподақтармен келісілмей, ұжымдық келісімшарттардың бұзылуымен жүзеге асырылған. Ал 554 қызметкердің жұмыстан қуылуына байланысты компания дәлел келтіре алмаған. Бұл заң бұзушылықтар Бас көлік прокуратурасының тексерісі кезінде анықталып отыр. Прокурорлардың айтуынша, ұлттық компания қызметкерлерінің әлеуметтік өтемдерін, арнаулы жұмыс киімдерін, тіпті бөлінген гигиеналық заттарды үнемдеген. Мамандар сондай-ақ жұмыссыз қалғандарды қайта оқудан өткізіп, жұмыспен қамту ісі немқұрайлы жүргізілгенін айтты.

Асқар Ғалиасқаров, ҚР Бас көлік прокуратурасы басқарма басшысының орынбасары:

Жұмыссыз қалған мың жарым адамның ішінен жұмыспен қамту құзырлы органы арқылы тек үшеуі қайта оқудан өтіп, жұмысқа тұрды. Республика соттарымен жұмыстан қуу бойынша 114 акт кері қайтарылды. Тек жолаушылар тасымалы бойынша соттың аралысуымен заңсыз жұмыссыз қалған 60 адам жұмысқа қайтарылды.

Прокурорлардың баяндамасында «Қазақстан темір жолы» қатарында әлі де жаппай қысқарту қаупі бары айтылды. Компанияның қайта құру жоспары бойынша оның еншілес 97 кәсіпорнының саны 35-ке дейін ықшамдалмақ. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ