$461.37 €502.62 ₽6.69
×

Елбасы Ақпарат және коммуникациялар министрін қабылдады

01 шілде 2016
1282
Елбасы Ақпарат және коммуникациялар министрін қабылдады

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің сапасын арттыру керек. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев таяуда құрылған Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің басшысы Дәурен Абаевты қабылдады. Министр есебіне қарағанда, қазір ведомствоның қалыптасу кезеңі аяқталып, енді нақты міндеттерді орындау қызметі басталып жатыр екен.

БАҚ-тің міндеті ең алдымен халыққа пайда тигізу екенін айтқан Елбасы, Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырмалар жүктеді. Мәселен, министрлік мемлекеттік ақпараттық саясатты одан әрі ілгерілетуі, оның тиімді тетіктерін енгізуі және телекоммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіруі тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстанның барлық ақпарат құралдарының жалпы дәрежесін көтеру керек. Министрліктің құрылған негізі - сол. Дүниежүзілік БАҚ, Ресейді көріп тұрсыңдар ғой, ел үшін жұмыс істеп, патриотизмді көтеріп, халық ішіндегі тыныштықты сақтап, уақытысында ақпарат беріп, ішкі жағдайда соны сақтау керек. Көп жұмыс тұр алдыңда.

Құралай ПИОНЕР 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар