$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Қызылордада "қаңтар оқиғасы" кезінде әскериді өлтірген күдіктіге қатысты тергеу аяқталды

AstanaTV
03.05.2022ж. 20:00
1259
Қызылордада "қаңтар оқиғасы" кезінде әскериді өлтірген күдіктіге қатысты тергеу аяқталды

Қызылордада аса ауыр қылмыс жасаған "қаңтар оқиғасының" қатысушысына қатысты тергеу аяқталды. Айыпталушы мен сыбайластары жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұлан қызметкерін қатыгездікпен ұрып-соғып, бір әскериді өлтірген. Бұл туралы Бас прокуратура өкілі айтты.  Бұдан бөлек, стратегиялық нысандарды қиратқан, ұрлық жасаған бір қатар адам ұсталды. Ал, жалған ақпарат таратқан Ақмола облысының тұрғынына 3 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Қаңтар оқиғасы бойынша жалпы 288 қылмыстық іс сотқа  жолданған.  Айыпталғандардың көбісі- Алматы қаласының тұрғындары.  Күдіктілердің 275-і сотталды. Оның 22-сі бас бостандығынан айрылса қалғандарына бас бостандығынан шектеу, қоғамдық жұмыстар және айыппұл түріндегі жаза қолданылды, дейді Бас прокуратура бірінші қызмет бастығының орынбасары.    

Елдос ҚИЛЫМЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ БІРІНШІ ҚЫЗМЕТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Жалпы ел бойынша "қаңтар оқиғаларын" кезеңінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу бойынша 721 адам күдікті деп танылды. Оның ішінде 281 адам қамауда.

Қазір  Ішкі істер органдарының тергеушілері   1150 қылмыстық істі қарап жатыр. Басым бөлігі -ұрлық жасау фактісі. Аталған істер бойынша 150 адам ауыр қылмыс жасады деген күдікпен күзетпен ұсталуда.

Санжар ӘДІЛОВ, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Сонымен бірге, жедел және сапалы тергеудің нәтижесінде біздің тергеушілер 473 айыпталушыға қатысты 288 қылмыстық істі айыптау актісімен аяқтап сотқа жолдады. Сипаттайтын деректердің және жасаған қылмысқа қатыстылығын ескере отырып  бүгінгі таңда Ішкі істер органдарының істері бойынша барлығы 333 күдікті күзетпен ұстаудан босатылды.

А. Данияр