Павлодарда өткен жалпы қалалық сенбілікке мың жарымнан астам адам қатысты. Олар саябақтар мен аулаларды қоқыстан тазартып, көше бойына көшеттер отырғызды. Сенбілікке «AMANAT» партиясының 180 мүшесі де ат салысты. Аманаттықтар қаланың Шығыс бөлігін үйілген қоқыстан тазартты. Бұл жер қаланың шеті болғандықтан, көп адам жүре бермейді. Алайда, жылдар бойы жиналған қоқыс, бүгінде тау болып үйіліп қалған. Енді қала билігі бұл аумақтан саябақ ашуды да жоспарлап отыр.
Санира ЖҮСІПОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:
«ТазаLIKE» жобасында тек ғана аулаларды парктерді жинап ғана қоймай, ағаш отырғызып ғана қоймай, оның күтімінде қарайтын боламыз. Және де ең бір осындай мақсатымыз қазіргі жаңа ұрпақты осы экологиялық тәрбиеге әкелу. Сонымен қатар партияның «ТазаLIKE» жобасында аясында экологиялық акциялар өтетін болады.
Ө. Қуанар