Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

«Qaisar» әскери-патриоттық жобасына оқушылар белсенді қатысуда

AstanaTV
03.05.2022ж. 20:00
1619
«Qaisar» әскери-патриоттық жобасына оқушылар белсенді қатысуда

Ал «AMANAT» партиясы жастар қанаты ұйымдастырған «QAISAR» әскери-патриоттық сайысына жоғары сыныптың 2 мыңға жуық  оқушысы қатысуда.     Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба  жастарды сын сағатта ел қорғаны болуға дайындайды, ерік жігері мен төзімділігін шыңдайды. Сондай-ақ,   салауатты өмір салтын ұстануға ғана емес, өздері үшін, жақындары үшін, Отаны үшін жауапкершілікті сезінуге де баулиды.  Сол арқылы жастардың бойында патриоттық рух қалыптасады дейді.  Жобаға белсене қатысқан өрендер бірнеше спорт түрінен сынға түсті. Олар алдымен 1-3 шақырымға жүгіріп, кімнің жүйрік екенін анықтады. Осыдан кейін бассейнде 50 метр қашықтыққа жүзіп жарысты.  

Әсет ХАМИДОЛЛА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Жүгіруден соңғы келдім, жүзуден бірінші келдім. Мен өзім 7 жыл бассейнге қатыстым су полосынан. Сондықтан маған жүзу оңайырақ болды. Болашақта мұндай жарыстар көп болады деп сенемін. Сол жастарға арналған үлкен мүмкіндік пайдалы және.


«Qaisar» әскери-патриоттық жобасына Алматыдағы мектеп оқушылары да белсене қатысты. Олар әскери өмірдің қыр-сырымен танысып, спортқа бейім екендігін көрсетті. Айта кетейік, өз қатарының алды болған жеңімпаздар Елордада өтетін республикалық кезеңде бағын сынайды.

Әкежан КЕҢЕСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАСТАР ҚАНАТЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Бұл жобаның негізгі мақсаты – жастар арасында әскери-патриоттық рухты қалыптастыру үшін мектеп оқушылары арасында 200-ге жуық жас қатысып отыр Алматы қаласы бойынша. Және осы 200 жастың ішінен біз республикалық сайысқа Нұр-Сұлтан қаласында өтетін 5 үздік жасты жіберетін боламыз.

Е. Карин