Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қарағандыда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

AstanaTV
01.07.2016ж. 20:00
2718
Қарағандыда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қарағандылықтар «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын анықтады. Қатысушылар сахнадағы өнерлерімен бірге, отбасындағы махаббат пен сыйластық үлгілерін көрсетті. Сөйтіп, 255 үміткердің 18-і ғана ақтық сынға жолдама алған.

Бас жүлде жезқазғандық металлургтер әулетіне берілді. Суырылып алға шыққан Мейрамовтар отбасы  жұртты таң қалдырды. Әулет мүшелерінің барлығы металлург, егер бәрінің еңбек өтілін қосса, 447 жылды құрайды екен. Үздіктерді таңдаған үкіметтік емес ұйым өкілдері мен мәдениет және білім қайраткерлері бұл көрсеткішті тарихи оқиғаға балаған. Оразалы ақсақал мен Есенгүл әжей жарты ғасыр бойы тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Ерлі-зайыптылар 9 бала, 26 немере, 15 шөбере сүйіп отыр. Жеңімпаздар қыркүйек айында Астанада өтетін республикалық «Мерейлі отбасына» қатысады.

Оразалы Мейрамов, «Мерейлі отбасы» Қарағанды облыстық байқауының жеңімпазы:

Қызық та, шыжық та неше түрлі қиындықтар болды. Соның бәріне төзіп, бәріне шыдап, төзімділіктің арқасында, адал еңбектің арқасында, сіз-біздің арқасында жеттік.

Жандос Әбішев, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

Қазіргі таңда отбасы мәртебесін сақтау, неке институтын нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігін арттыру аса маңызды. Бүгінгі облыстық байқауға қатысушылар Қазақстандағы отбасының жағымды имиджін қалыптастыруға зор септігін тигізуде.