Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Шомылу маусымы басталғалы 54 бала суға кеткен

AstanaTV
01.07.2016ж. 20:00
2158
Шомылу маусымы басталғалы 54 бала суға кеткен

Ал елде шомылу маусымы басталғалы бері 54 бала суға батып кеткен. Оның 37-сінде балалар үлкендердің қарауынсыз қалған. Мамандар бүлдіршіндер өлімін ата-ананың салғырттығынан көреді.

Жарылғасын Бектасов, Астана қалалық №2 балалар ауруханасы жарақат бөлімшесінің меңгерушісі:

Демалысқа барады, қаланың сыртына шығып. Әке-шешелері балаларына көңіл аудару керек. Енді жасыратын не бар, олар арақ та ішеді демалғанда. Көңіл азаяды балаға, сөйтіп балалар басқа жаққа кетіп қалуы мүмкін.

Шомылу маусымы басталысымен жыл сайын өткір проблемаға айналатын тақырыпты Абзал Құрманкин зерттеп көрді. Ертең 20:00-де «Біздің уақыт» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар.

Абзал ҚҰРМАНКИН