Екіншідүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл -77 жыл. Жеңіс күнінде еліміздің барлық өңірінде Отан қорғаушылар ескерткіштеріне гүл қойылып, қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етілді. Майдан даласында жауға қасқая қарсы тұрып, ерліктің үлгісін көрсеткен жауынгерлердің есімі ешқашан ұмытылмайды.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.
"9 мамыр – екіншідүниежүзілік соғыстың адамзатқа әкелген зардабын еске алып, боздақтарымыздың майданда төгілген қаны мен ата-әжелеріміздің тылда төгілген маңдай терінің алдында бас иетін қадірлі күн!", деді Үкімет басшысы. Сондай-ақ, алаңға жиналған көпшілік қазақтың батыр қызының рухына тағзым етіп, оның есімі мен ерлігін ұлықтады.
Қалиасқар ЖАНТЕМІРОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Біздің Әлия апамызға ескерткішіне сол міне гүл шоғын әкеліп міне, енді жыл сайын келеміз. Әлия апамыздың еңбегін біз ұмытпаймыз.
Сұм соғыс әрбір отбасына ауыр қайғы, батпандай қасірет әкелді. Біреуді әкеден, біреуді бауырдан, біреуді баладан айырды. Арада қанша уақыт өтсе де, жүрекке түскен жара әлі жазылған жоқ.
Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:
Қолдарына батыр бабаларының суреті мен есімдері жазылған тақтайша ұстаған топ осы алаңда жиналды. Мақсат - сүйегі жат жерде қалған аталар мен қан майданда хабарсыз кеткен, елге оралғанымен, бүгінгі қуанышты көре алмаған майдангерлердің есімін ұлықтау.
Мұхаммед АМАНҚҰЛ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Аманқұлов Жәркен Аманқұл баласының ұрпағымын. 1942 жылы соғысқа шақырылып, Ленинград майданында, Лакаданы басынан кешірген кісі. Сол Ленинградтан бастап Берлин дейін барып, ар жағы Будапештке дейін 1946 жылы еліне оралды.
Бейсенкүл БАЙМАХАМБЕТОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Мен әкемді мақтан етемін, және осы кісілердің арқасы, бүгінгі күні осы бейбіт өмірде сүріп жатқанымыз.
Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан генерал Иван Панфилов пен 28 панфиловшы батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Алексей БОРОДАВКИН, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЕЛШІСІ:
Қазақстандықтар, Жеңістің 77 жылдығымен сіздерді құттықтаймын. Бұл біздің ортақ жеңісіміз! Біз ардагерлерімізбен, батырларымызбен мақтан етеміз! Батырлар есімі ел есінде мәңгі қалады!
Өкініштісі, майдангерлердің саны жылдан жылға азайып барады. Қазір елімізде 376 ардагер, 68 347 тыл еңбеккері ғана бар.
Ә. Дүкембаева