Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

СҚО-да 260 адамды кене шаққан

AstanaTV
16.05.2022ж. 20:00
2220
СҚО-да 260 адамды кене шаққан

Солтүстік Қазақстанда соңғы екі айда 260 адамды  кене шаққан. Бұл былтырғы жылға қарағанда 2 есе көп. Сала мамандары мұны ауа райының қолайлы болуымен байланыстырады. Яғни биыл күн ерте жылынып, жұрт орман-саябақтарда жиі серуендей бастады, дейді олар. Алайда,  кене шаққандардың арасында вирустық инцефалит  кездеспеген. Ал, былтыр аталған дерттен Қызылжар ауданының бір тұрғыны көз жұмған болатын.  

Айнаш САҒЫНДЫҚОВА, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Осы соңғы аптада 86 жағдай  тіркелді. Қазіргі кезде айтатын болсақ, өткен 2021 жылы кене инцефалитінің 9 жағдайы тіркелді. Ал осы жылы кене инцефалиті тіркелген жоқ.

А. Құрманкин