Түркістан облысының тұрғыны өзен бойынан 4 граната тауып алған. Жарылғыш заттарды ол полицейлерге әкеп тапсырды. Қауіпті заттардың қайдан келгені әзірге белгісіз. Ал оны тапқан азаматқа гранатаның әрқайсысы үшін 22 мың теңгеден сыйақы беріледі.
Алмасхан ТАСТАНБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Өзен бойына барған кезде қара пакетте 4 жаңа граната тауып алған. Алдағы уақытта бұларды тиісті зерттеуге жеткізу және әрі қарай жою бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл азамат саналылық танытып, бірден полиция бөліміне әкеп өткізген.
А. Төребекқызы