Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Референдумнан кейін болатын өзгерістер халықтың қызығушылығын туғызуда

AstanaTV
17.05.2022ж. 20:00
706
Референдумнан кейін болатын өзгерістер халықтың қызығушылығын туғызуда

Конституциялық референдум – көпшілік күткен елеулі оқиға. Саяси маңызды шараға қатысты сан сауалға  жан-жақты жауап беру үшін мәжіліс депутаттары  ел аралап жүр. Тобыл өңіріне ат басын тіреген  халық қалаулылары  референдумның негізгі түйінін  түсіндірді. «AMANAT» фракциясының мүшелері   бастауыш партия ұйымдарының жетекшілермен кездесіп,  пайымды пікір алмасып, орамды ойларын ортаға салды. Жалпы өңір тұрғындарының жалпыхалықтық референдумға деген қызығушылығы ерекше дейді депутаттар.

Әлия САПАРОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ерекшелігі осы жолғы кездесулердің халықтың, әр тараптағы кісілердің референдумға деген қызығушылығы.Референдум неге болып жатыр?Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістер.Соның барлығына тұрғындар ерекше қызығушылықтар тудырып жатыр.Сондықтан әр кездесу ерекше әсерлі, әр кездесудің өзіндік мазмұны бар.

Депутаттар бүгін Жамбыл жұртшылығымен де кездесулер өткізіп,  конституциялық реформа мемлекеттің барлық моделін кешенді түрде трансформациялауға бағытталғанын тереңірек түсіндірді. Жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгеріс енгузі-халықтың ойын еркін білдіруінің айқын көрінісі екенін атап өтті.  

Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Саяси өнер, саяси мәдениат, саяси дәстүрдің айналып келгенде әрбір қазақстандықтың жауапкершілігі екендігін осы референдумнан анық аңғаратын боламыз. Ал қазіргі Жамбыл облысының сайлаушылары, облыс тұрғындарының көңілінде мемлекетте жасалып жатқан өзгерістер мен бастамалардың бәрі халықтың ниетінен туындағанына көз жеткізіп отыр.

Ә. Дүкембаева