Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Геннадийдің Сауль Альваресті жеңетін мүмкіндігі бар

AstanaTV
17.05.2022ж. 20:00
1176
Геннадийдің Сауль Альваресті жеңетін мүмкіндігі бар

Армысыз, көрермен! Кеш жарық, Амина! Түркияның Стамбұл қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем біріншілігінің жартылай финалына 5 отандасымыз жолдама алды. Осы және өзге де жаңалықтар алдағы минуттарда.

Головкин Сауль Альваресті жеңе алады. Қазақстандық кәсіпқой боксшының экс-бапкері Абель Санчес осындай пікірде. Егер үшінші жекпе-жек болса, Головкин тағы да өзінің мықты екендігін дәлелдейді, дейді. Еске сала кетейін, 2018 жылдың қыркүйегінде Головкин мексикалық Сауль Альвареспен өткізген екінші жекпе-жегінде жеңілген соң, Абель Санчеспен келісімшартын бұзған еді.

Абель САНЧЕС, Г.ГОЛОВКИННІҢ ЭКС-БАПКЕРІ:

Головкинмен тоғыз жылдан астам уақыт жұмыс істедім. Оның мықты боксшы болуы үшін көп еңбектендік. Соның арқасында ол өзгелерден ерекше былғары қолғап шеберіне айналды. Қазір де сондай деңгейде деп ойлаймын. Өз басым Геннадий алдағы уақытта Сауль Альваресті жеңетін мүмкіндігі бар деп айта аламын.

Қазақ қыздары жарады. Түркияның Стамбұл қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем біріншілігінің жартылай финалына 5 отандасымыз жолдама алды. Бұл қоржында 5 медаль бар деген сөз. Байрақты бәсекеге ел құрамасынан 12 спортшы аттанған болатын, оның жетеуі жеңіліп қалды.  Спортшы қыздарымыз ертең финал  үшін жұдырықтасады. 48 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова болгариялықпен, 52 келіде: Жайна Шекербекова – Таиланд қызымен, 54 келіде Дина Жоламан – Румыния спортшысымен, 57 келіде: Карина Ибрагимова Тайпейлік боксшымен және 70 келіде Валентина Хальзова – Мозамбиктік спортшымен бокстасады. Шешуші жарыс 19-20 мамырға жоспарланған.

Лионель Месси болашағы үшін маңызды шешім қабылдады. Футболдан «ПСЖ» клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы 2023 жылдың жазында «Интер Майами» клубына ауыспақ. Аргентиналық «Интер Майами» акцияларының 35 процентін сатып алуды жоспарлап отыр. Қазір тараптар келісімге келіп үлгерген.

Менде бүгінге осы. Елдегі және әлемдегі спорттың басты оқиғаларын бірінші болып бізден біліңіздер. Амина, сөз сенде.

Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.

А. Данияр