Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбе облысындағы жайылымды құрт жеп жатыр

AstanaTV
18.05.2022ж. 20:00
2048
Ақтөбе облысындағы жайылымды құрт жеп жатыр

Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы жайылымды құрт жеп жатыр. Жергілікті шаруалар дабыл қағуда. Олар жергілікті әкімдіктен көмек сұрайды.

Мейіржан ҚАРАҚОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Байғанин ауданы, Қопа селолық округінің Жаңғызшам дейтін жерде қожалықтамын. Қасымыздағы 10 шақты километр жердің барлығында осындай құрт түсіп кеткен. Мынау көрші Ноғайтыға қарасты жерлердің бәрінде құрт қаптап кетті. Марғау деген жерден бастап, станция Сағызға дейін барлық жерде жусанды құрт жеп жатыр.


Шаруалардың айтуынша, ауданның жері – шөлейтті, жусан ғана өседі. Оны да құрт жесе, малымыз азықсыз қалады дейді. Зиянкесті құрту шаруалардың қолынан келмейтін іс деп, әкімдіктен көмек күтіп отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бұл жағдайдан хабардар. Құзырлы орган өкілінің айтуынша, жусанжегі Байғанин ауданының екі округінде 70 гектар жерге таралып кеткен.

Асылхан ӘБТИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Бұл шалғынды көбелек емес, құрттың басқа түрі. Бұл полыньный листоед дейді.  Көріп отырсыз, ауа-райының қандай болып тұрғанын. Ауа-райы жылы, екіншіден, ылғалды болған соң, әртүрлі зиянды құрттардың шығуы, оларға өте жақсы.  Бұл жерде қолданыстағы заңға сәйкес, мемлекеттік жерлер болмағандықтан, бүкіл шаруашылықтар өз есебінен улау керек.


Г. Сейтенова