Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / «Ұлы дала» емес, «Ұлы айдала». Жамбылда тұрғындар шу шығарды

«Ұлы дала» емес, «Ұлы айдала». Жамбылда тұрғындар шу шығарды

Таразда  жақында ғана пайдалануға берілген  көпқабатты  үйде   не жарық, не су жоқ.  Себебі, екі жыл бұрын мемлекеттік "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған үйді әкімдік, құрылысы толық бітпей жатып тұрғындарға таратып жіберген.  Ал жұрт "бұл үйде тұру мүмкін емес дейді.  Амалсыздан олар енді несиеге алған өз баспанасында емес, жалдамалы пәтер жағалап жүргендерін айтады. Бұған құзырлылар не дейді? Пәтерлер неге таратылған? Тілшіміз Берік Жұмабай толықтырады.

Бас көтерген бұқара не жарық, не суы жоқ, кәріздік жүйеге де қосылмаған үйді жергілікті билік қалай қабылдап алған деп таң қалып отыр.  60  отбасы  екі ай бұрын құжаттарын қолына алыпты. Енді көшіп келейін десе, түк жағдай жоқ дейді.

Әйгерім СЕЙІЛХАНОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Құрылыс бөлімі қабылдады ғой әкимияттан, сол кезде қалай қарап алды деймін да. Енді 1 жыл 8 ай дегенде үйдің құжаттарын рәсімдеп, кілтімізді қолымызға алған кезде тұру мүмкін емес. Қазір суды қосса барлық крандардан су шығып жатыр. Көп балалы отбасы, өзіміз де арендаға бір, мына жаққа бір төлеп жатырмыз.

Ақмарал КҮЛІПБАЕВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Күтіп күтіп міне осы болды, енді келеді десек міне суы жоқ. Суын берсе затоп болып жатыр,не светі жоқ. Кіреміз деп мәз болып ремонт жасатып жатырмыз далада туалет әне. Малды ауылда жүрген сияқтымыз как будто.

Ал әкімдік үйдің сақалды құрылысқа айналғанын мойындап отыр. Алайда мұның бәрі пандемия кесірінен деп ақталады. Бірақ тұрғындар үйге өздері кіріп алды дейді.

Нұрбол ҚАЛДЫБАЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Енді қателесеміз ғой, біз де адам баласы,  21  жылдың желтоқсан айында қабылдады. ЖилстройСберБанк бізге заявка бермеген, тұрғындар тұрып жатыр, бізге су беріңдер деп. Олар бізге уақытылы айтпаған, оны біз де естімей қалғанбыз. Мердігермен өзіміз ұйымдастырып, кемшіліктерді қалпына келтіреміз.  


60 пәтерлі   үй құрылысына  450 млн теңге жұмсалған. Тұрғындар жарық түгілі, әлі трансфарматор  жоқ деп күйінеді.   Ал көшіп келген бірен-саран отбасы суды сырттан   тасып ішіп отырған көрінеді. Жергілікті билік өкілдері кем-кетік алдағы аптада реттеледі деп уәде берді.  

Б. Жұмабайұлы