Кез-келген әйел 55 жастан кейін зейнетке шыға алады. Тек зейнетақы жинағындағы қаражат жеткілікті болуы керек. Жұртты толғандырған мәселеге бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жауап берді. Оның айтуынша, әйелдердің зейнетжасын төмендету мәселесі қазір жан-жақты зерделеніп, ұсыныстар сараланып жатыр. Есептеулер жүргізілуде дейді.
Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
Бүгінгі таңда заң бар.55 жасында әйелдердің зейнетке шығу мүмкіндігі жөнінде. Бұл бірақ зейнеттегі жинақтарына байланысты болып отыр ғой. Сондықтан қазір біз жұмысшы тобын жалғастырып жатырмыз.
Б. Сатуов