Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Елімізде электр энергиясы қымбаттайды

AstanaTV
20.05.2022ж. 20:00
1291
Елімізде электр энергиясы қымбаттайды

Электр энергиясы қымбаттайды. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты. Ол Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігінің елдегі электр энергиясына сараланған тарифтерді жою туралы ұсынысына қатысты есептеу әлі   жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Министрдің пікірінше, энергияны арзан бағамен пайдалануға деген ұмтылыс саланың дамуына кері әсер етуі мүмкін. Әрі үнемдеуге де мүмкіндік бермейді. Сондықтан министр көмекке мұқтаж топты қорғап, қалғанын нарық бағасына көшіру ойын жеткізді. Еске сала кетейік, наурыз айының ортасында мәжілісте электр энергиясына сараланған тарифті алып тастау ұсынылған болатын.

А. Съезбек