Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Қонаев қаласында зиялы қауыммен кездесті

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Қонаев қаласында зиялы қауыммен кездесті

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов  Қонаев қаласында болып, Оралзиялы қауыммен кездесті. Атқарушы хатшы жаңа облыстар құрылғаннан кейін Қонаев қаласы Алматы облысының әкімшілік орталығы ретінде осы өңірдің дамуына қосымша серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар, Асхат Оралов жалпыхалықтық референдумның мән-маңызын түсіндірді. Бұқараны саяси таңдау жасауға шақырды.

Асхат ОРАЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:


Қадірлі ағайын, бәріміз енді еліміздегі тағдыр шешті кезеңде Жаңа Қазақстанға дауыс беріп, референдумға бірге қатысайық. Аманатқа адал болайық.

Алматы облысының жаңа әкімшілік орталығына айналған Қонаев қаласының болашағына сенім білдірді. Бұл өңірде «AMANAT» партиясының 90 мыңнан астам мүшесі мен 307 бастауыш ұйымы бар. Актив жиынында Асхат Оралов аманаттықтар Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі және елдің ең ірі саяси күші екенін атап өтті. Оның айтуынша, партия да бүкіл еліміз сияқты, трансформация процесін бастан өткеруде және қазір қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалар бағыты төңірегінде топтасуы маңызды. Қалалық су электр стансасының ұжымымен жүздесу барысында да  алдағы өзгерістер жайы талқыланды. Кездесуге қатысушылар жалпыхалықтық референдум өткізуді қолдап, дауыс беру күні   жоғары белсенділік танытатындарын айтты. Жергілікті ақсақалдар бастамаға қолдау білдірді.

Ерболат ТҰРЫМБЕТОВ, ІЛЕ АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Референдум -бұл енді сынақ біздің елімізге. Көзі ашық азаматтар ел-жұрт бұны енді референдумға халықпен кездесіп жатқан кезде көзқарасы өте жоғары. Халық түсініп жатыр. Өйткені заң қабылданған заң бәрі келеді да конституцияға тіреліп тұр.

А. Съезбек