Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ықпалды Парламенттің бастауы халықпен жақындасудан басталады

AstanaTV
20.05.2022ж. 20:00
1298
Ықпалды Парламенттің бастауы халықпен жақындасудан басталады

«Әділетті Қазақстанды» құруға  Түркістан облысының тұрғындары да атсалысады.  Мәжіліс депутаттарымен кездесуде Түлкібас ауданының азаматтары референдумға біркісідей қатысатындарын айтты. Негізінен мал бағып, бау -бақша өсіріп, егін егумен айналысатын таулы өңірдің тұрғындары  өз ұсыныстарын да жеткізді.   Мал тұқымын асылдандыруға субсидия, несие алу үшін кепілге қоятын мүлікті бағалау  мәселелерін көтерді.  Әйелдердің зейнетжасын төмендету жайын да қозғады.  

Сапар ТАУЫСБАЕВ, ТҮЛКІБАС КЕНТІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
58 жасқа жеткенше әйел баласы белі ауырады, көзі көрмейді,аяғы сыздайды, балдақпен жүреді көзілдірік киіп. Сондықтан әйел  баласы ол –үйде тірлік жасайды, қоғамда жұмыс жасайды, мектепте жұмыс жасайды. Әйел баласының зейнеткерлік жасын 55 ке дейін шектесе ол құптарлық мәселе болады.
 
Дархан МЫҢБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Ата заңға өзгерту енгізудегі халықтың пікірін біліп отырмыз, негізінен қолдап жатыр. Дегенмен басқа да проблемалар бар. Біз оны іркіп қалмай, оны да тыңдап отырмыз. Өйткені, біз халықтың өкілі ретінде, депутат ретінде оны біз тиісті жеріне жеткізуіміз керек, белгілі бір шешім қабылдауына ықпал етуіміз керек. Ықпалды Парламенттің бастауы да осындай халықпен жақындасудан басталады ғой деп ойлаймыз.  

А. Төребекқызы