Биыл жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, еңбекке баулудың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор. Сондықтан пәнді қайта енгізген жөн деді. Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов алғаш рет мектептерде 7-сыныптан бастап болашақ мамандықты таңдауға бағыттайтын «педагог-кәсіптік бағдар беруші» пәні қосылатынын айтты.
Б. Сатуов