Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жауһар жәдігерлер жұртшылыққа ұсынылды

AstanaTV
20.05.2022ж. 20:00
1348
Жауһар жәдігерлер жұртшылыққа ұсынылды

Ежелгі сәндік-зергерлік бұйымдар, жауынгерлік жарақтар, ескі тиындар Елордада төрінен орын алды. Этнограф-топтамашы, еліміздегі көне жәдігерлер музей-қорының негізін қалаушы Баһаргүл Төлегеннің «Жауһар жәдігерлер» атты көрмесі ашылды. Оған «AMANAT» партиясы қолдау көрсетті. Көрмеге көнеден жеткен мыңнан аса антикварлық, құнды бұйымдар қойылған. Ел ішінен ертеректе жиналған күміс, алтын бұйымдармен әрлеп жасалған қыз әшекейлері мен жасаулары да жұртшылықтың қызығушылығын тудырды. Жәдігерлердің ең көнесі Кушан патшалығында айналымға түскен теңгелер. Олар біздің заманымызға дейінгі ІІІ-І ғасырларда пайдаланылған. Бірегей көрмені енді кез-келген уақытта тамашалауға мүмкіндік бар.

Баһаргүл ТӨЛЕГЕН, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ТОПТАМАШЫ:

Барлығы Орта Азия халықтарының және қазақ халқының сирек кездесетін бағалы бұйымдары. Бұрын мен көшпелі көрмелер өткіздім. Астана, Аламатыдағы музейлерде. Ол кезде 1 ай ғана қоятынмын. Енді осы жерге тұрақты 5-10 жылға қойып жатырмын. Халыққа тегін көрсету мақсатында.

Мұхамеджан БОЛЫСБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ АНАЛИЗ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Тарихын білмеген болашашққа қадам жасай алмайды. Бұл бұйымдар көзбен көріп, қолмен ұстайтын тарихқа тең. Партияның осындай ұлттық нақыштағы ұлттық өнерімізді паш етіп, насихаттайтын, дәріптейтін шараларды қолдауы үлкен мәнге ие.


Ә. Бердібеков