Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«AMANAT» партиясы журналистер арасында байқау жариялады

AstanaTV
20.05.2022ж. 20:00
2024
«AMANAT» партиясы журналистер арасында байқау жариялады

«AMANAT» партиясы журналистер арасындағы дәстүрлі республикалық байқауға өтінімдер қабылдауды бастады. Биылғы медиа сыйлық бұқаралық ақпарат құралдары жанрлары бойынша емес, тақырыптық бағыттар бойынша ұсынылған үздік жұмыстарға берілмек. БАҚ өкілдерінің әлеуетін арттыруға бағытталған ашық додаға ел үшін аса маңызды саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени тақырыптар қамтылған үздік материалдар сынға түседі. Байқау жеңімпаздары екі бағыттағы он номинация бойынша анықталмақ. Үздіктер «AMANAT» медиа сыйлығымен марапатталады. Үміткерлерден өтінімдер қабылдау 20-шы маусымға дейін жалғаспақ.

А. Данияр