Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Кәмелетке толмаған 92 баланы көлік қағып кеткен

Кәмелетке толмаған 92 баланы көлік қағып кеткен

Елімізде әрбір бесінші жол-көлік оқиғасынан кәмелетке толмаған бала зардап шегеді. Мұны ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев ондайн брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі - жолды кесіп өту немесе бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда өтіп кетуге оқталу соңы қайғылы жағдайларға соқтыруда.

Жандос МҰРАТӘЛИЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жыл сайын жол апатынан 200-ге жуық бала көз жұмып, 3 мыңнан астамы әртүрлі дене жарақатын алады. Бұл - мемлекет үшін орны толмас шығын және қоғамның демографиялық резервіне нұқсан келтіреді. Жыл басынан республика жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен  796 жол көлік оқиғасы тіркелді. Онда 42 жасөспірім қаза тауып, 957 жарақат алған.

Ә. Дүкембаева