Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Лото-клубтар жабылсын!". Қызылордалықтар билікке талап қойды

AstanaTV
23.05.2022ж. 20:00
1220
"Лото-клубтар жабылсын!". Қызылордалықтар билікке талап қойды

«Лото-клубтар жабылсын». Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғындары билікке осындай талап қойды.  Айтуларынша, мұндай орындар жастардың болашағына балта шабуда. Құмар ойынға еліткендер  отбасын   ұмытып, қарызға белшеден батты дейді. Соның салдарынанан ауданда ұрлық-қарлық, төбелес көбейгенін де айтады.

Ардақ СЫЗДЫҚОВА, ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өз өзіне қол жұмсап кеткен, қарызға батып үйін тіккен, машинасын тіккен, зарлап жүрген бір адам. Бұл ойынның шағын ғана ауданға не керегі бар. Өзіміздің ұрпағымызды өзіміз улап жатырмыз ғой. Лото клубтың алдына, осы жабылсын деп келдім.


Клубты жабу туралы шағым Шиелі ауданы әкімдігіне де түскен. Бірақ олар мұндай орындарға тексеру жүргізуге құқығымыз жоқ дейді. Тек құзырлы орындарға арнайы хат жолдапты.

Алмасбек ЕСМАХАНОВ, ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жеке клубын жабу мәселесі жөнінде қазіргі таңда, отбасылардың әлеуметтік мәселесіне зиян шегіп жатқаны туралы көтерілген болатын. Аудан әкімдігі тарапынан аталған мәселе бойынша, облыстық тергеп-тексеру департаменті тиісті заңға сәйкес шара қабылдап құқықтық баға беру жөнінде хат жолданды.

М. Тоқтасынқызы