Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қатты жаңбыр Алматылықтарды әбігерге салды

AstanaTV
23.05.2022ж. 20:00
1295
Қатты жаңбыр Алматылықтарды әбігерге салды

Толассыз жауған жаңбыр Алматы облысы тұрғындарын әбден әбігерге салды. Кербұлақ ауданындағы екі ауыл суда қалды. Абырой болғанда, тұрғындар да, үйлер де аман. "Байғазы" өзені арнасынан асып, Байғазы және Қоғалы ауылдарына су кірген. Құзырлылардың дерегінше жайылған су тек бау-бақша және көшелерді шайып өтіпті.

Ләззат ТҰРЛАШОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Частичное подтопление болды. Уақытында местный исполнительный органдар суды жауып, дер кезінді кірісіп, ешқандай үйлерге қауіп төнген жоқ.


Сондай-ақ, "Алматы-Өскемен" республикалық тасжолы нөсерлі жауын салдарынан екі жерден жырылып қалды. Арада 4 ауыр жүк көлігі қалып қойды.  

Төтенше жағдай департаментінің дерегінше құбырлар мол көлемдегі суға шыдас бермеген. Қазір мердігер компания олқылықты қалпына келтіру жұмыстарын қолға алған.  

Мұрат СЫДЫҚОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТЖ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жауын-шашынның салдарынан диаметрі бір жарым метр құбырлы көпір мен ені үш жарым метр және тереңдігі үш метр автожол ажырап кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.