Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

4 % автонесие: 34 азамат көлік алды

AstanaTV
23.05.2022ж. 20:00
1449
4 % автонесие: 34 азамат көлік алды

Елімізде жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша бір аптада 34 адам көлік алды.  14 мыңнан астам өтініш түссе,  соның 5 мыңға жуығын  банк мақұлдаған. Қазір отандық автосалондарда 8 мың көлік бар. Маусым айының аяғында оның саны екі есе артады деп жоспарлануда. Автонесиелеу бағдарламасымен  5 брендтің көліктерін алуға болады.   32 модель бойынша таңдау жасауға мүмкіндік қарастырылған.

Ғалымжан ӘДИ, "ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ" АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Әлеуметтік тұрғыда да, экономикалық тұрғыда да ыңғайлы нәрсе болса, бәрі соны алғысы келеді. Сондықтан көпшілік 100 миллиард бөлінді, он миллионнан санасақ, он-ақ мың адам машина алады болды, қалғандары қалды деп ойлайды. Бұл арада револьверлік қағидат бар. Бұл ақша 30 жыл айналатын болады.


Ә. Бердібеков