Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елордалық білім ошағы 18 жыл қатарынан «Ең үздік олимпиадалық мектеп» кубогын иеленіп келеді

AstanaTV
23.05.2022ж. 20:00
1314
Елордалық білім ошағы 18 жыл қатарынан «Ең үздік олимпиадалық мектеп» кубогын иеленіп келеді

Елордадағы Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация лицейі» 18 жыл қатарынан «Ең үздік олимпиадалық мектеп» кубогын иеленіп келеді. Қазақстандағы 8 мың мектептің ішінде биыл  4-ші орынға табан тіреген. Тек осы оқу жылы ішінде 80 оқушы халықаралық білім байқауларының  жеңімпазы атанып отыр. Балалар жылы аясында оқу ордасының әкімшілігі дарындыларды «Жұлдыздар жарқырайды» салтанатты кешінде марапаттап, мерекелік концерт ұйымдастырды.

Эльбрус ПИРИЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ДАРЫНДЫ ЕР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазіргі таңда ҰБТ бітпей тұрып, 30 пайызы халықаралық, республикалық және жергілікті жоғарғы оқу орындарының білім гранттарын алғандары бар. Өткен жылы 80 шақты оқушымыздың 67-сі білім грантын алды. Сол балалардың ішінде 25 оқушы біздің Назарбаев униеврситетінің грантын алды бір мектептің өзінен.  Енді осы жылы одан да жақсы нәтиже көрсететенімізге сенімдімін.  

А. Съезбек