Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Республиканың басым бөлігінде күн суытады

AstanaTV
23.05.2022ж. 20:00
805
Республиканың басым бөлігінде күн суытады

Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде күн райы бұзылады. Бұған Екатеринбург аймағынан келетін циклон әсер етпек. Қазгидрометтің хабарлауыншы, жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Бұршақ жаууы да мүмкін. Ал 26 мамырда түнде солтүстік-батыста қатты жаңбыр күтіледі. Үшінші күнге қарай елдің батысына және солтүстік-батыста антициклон тарайды. Осылайша жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы аздап төмендейді. 24 мамыр - түнде және таңертең орталықта, шығыста, 26 мамыр - батыста үсік жүруі мүмкін. Термометр 2 градусқа дейін төмендейтінін ескертеді.