$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Дихандар суармалы жерге емес, пайдаланған судың көлеміне ақы төлеуі мүмкін

AstanaTV
24.05.2022ж. 20:00
1317
Дихандар суармалы жерге емес, пайдаланған судың көлеміне ақы төлеуі мүмкін

Енді диқандар суармалы жерге емес, пайдаланған судың көлеміне  ақы төлеуі мүмкін. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайлов осылай деді. Бұл тіршілік нәрін үнемдеу мақсатында жасалмақ. Су тапшылығы салдарынан күріш көлемін қысқартқан Сыр  диқандары бұған не дейді? Қызылордадан- Мөлдір Тоқтасынқызы.

Соңғы екі жылда су тапшылығы Сыр дихандарының шымбайына қатты батты. Күріш егістігінің көлемін  5200 гектарға дейін қысқартуға мәжбүр болды.   Әліби Бекжановтың  бұл салада 20 жылдық тәжірибесі бар. Ол биыл әртараптандыру бойынша, қант қызылшасын егуді қолға алыпты.  Егіншілік  мәдениеті қатаң сақтағанда ғана суды үнемдеуге болады дейді ол. Сондықтан әр шаруа қожалығына су есептегіш құралын орнатуды ол құптайды.
 
Әліби БЕКЖАНОВ, ШАРУАШЫЛЫҚ ТӨРАҒАСЫ:

Австралияда 79 мың гектар күріш егеді. Оған 520 млн куб су пайдаланады екен. Ал Қызылорда облысында 80 мың гектра күрішке 4,5 млрд куб су жетпей жатады. Әркім қажет суын алады, қажет суын пайдаланады. Соған қарай ақша төлеген шаруаларға тиімді.

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайлов  мәселеге ерекше тоқталды. «Сарапшылар 2040 жылға қарай суды тұтыну көлемі 56 пайызға артады деп болжап отыр» деді ол. Сондықтан әрбір тамшыны үнемдеу керек екенін  баса айтты. Сол үшін суға төленетін тарифті қайта қарауды тапсырды.

Әлихан СМАЙЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Ұлттық экономика министрлігі Ауылшаруашылығы және экология министрлігімен бірлесіп, суармалы жердің бір гектарына емес, суаруға кеткен судың көлемі үшін ақы енгізу мәселесін пысықтасын.

Еліміздегі суармалы жерлердің 80 проценті -Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарына тиесілі. Үкімет басшысының айтуынша,  ауыл шаруашылығына арналған судың небәрі 60 проценті ғана егістік алқаптарына дейін жетеді. Оған инфрақұрылымның нашарлығы себеп дейді.  Сондықтан аймақ басшыларына саланы   цифландыру мен автоматтандыруды жетілдіруді  тапсырды.

М. Тоқтасынқызы