Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова қоғам өміріне белсенді араласып жүрген қызылордалық әйелдермен кездесті. Жиында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Алда болатын жаңашылдық, бұл -жарқын болашақ пен жаңа өмірге қадам жасайтын маңызды сәт дейді сырбойылық қыз-келіншектер. Сенатордың айтуынша, аймақ тұрғындары бастамаға ерекше қолдау көрсетуде.
Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Негізі осы реформалардың барлығы халық үшін жасалып жатқанын түсініп жатыр. Ең бастысы сол деп ойлаймын. Себебі шын мәнінде де бұл бүгінгі таңдағы ұсыныстардың барлығы, Конституцияға енетін жаңалықтардың барлығы халықтың тікелей сұранысынан, қоғамның сұранысына сәйкес болып жатыр.
М. Тоқтасынқызы