Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы су-энергетика қарым-қатынасын үйлестірудің маңызы зор

AstanaTV
26.05.2022ж. 20:00
1130
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы су-энергетика қарым-қатынасын үйлестірудің маңызы зор

Мемлекет басшысы Қырғызстанға ресми сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров алдымен Ала-Арча сарайында  қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің ауқымды мәселелерін талқылады. Қазақстан Президенті ортақ құндылықтардың арқасында бауырлас  екі елдің ынтымақтастығы барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Былтыр өзара тауар айналымы 1 млрд долларға жуықтаған.  Тараптар алда сауда көлемін 2 млрд долларға дейін арттыруға уағдаласты.  Қасым-Жомарт Тоқаев су-энергетика саласындағы қарым-қатынасты үйлестірудің маңыздылығына тоқталды. Әрі әлемдік экономиканың құбылмалы жағдайындағы ықпалдастықтың жаңа формаларына назар аударды. Екі ел делегаттарының қатысуымен 13 меморандумға қол қойылды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Қырғыз бауырларға Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі аясындағы Қазақстанның  бастамаларын қолдағаны үшін ризашылық білдіремін. Бүгінгі сапар екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайта түсетіні анық. Уағдаластықтар мен келісімдер – соның айқын дәлелі. Енді соларды жүзеге асыруымыз керек.


А. Съезбек