Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Биыл кімдердің жалақысы көбейеді?

AstanaTV
26.05.2022ж. 20:00
1305
Биыл кімдердің жалақысы көбейеді?

Биыл елімізде 1 миллионнан астам адамның айлығы көбейеді. Бүгін сенат отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді.  Сондай-ақ, халықтың әл-ауқатын біршама жақсартуға бағытталған  жоспарлар туралы айтты.  Кімдердің жалақысы көтеріледі?  Зейнетжасын төмендету мәселесі қалай болып жатыр?  Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Ең төменгі зейнетақы мен жәрдемақы стандарттары қайта қаралуы мүмкін. Себебі, Сенат депутаты Рысқали Әбдікеровтың айтуынша, соңғы индексациядан кейін біреудің зейнетақысы екі-ақ мыңға көтерілсе, енді біреулер одан әлдеқайда көп ала бастаған.  Осыған байланысты сенатор ең төменгі әлеуметтік стандарттар әдіснамасын қайта қарау қажет  дейді.

Рысқали ӘБДІКЕРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Биыл әлеуметтік сала 4 пайызға индекстеледі. Сонда 40-50 мың көлеміндегі зейнетақы 2000 мың теңге өссе, 300-400 теңгелік зейнетақы 16 мыңға дейін өскен. Ал бұл өз деңгейінде теңсіздікті қалай азайтпақ? Сонымен қатар бұл зейнетақы ең төменгі зейнетақымен 1 млн-ға жуық ең төменгі күнкөрісінен кейін мүмкіндік береді?


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мұндай проблемалардың бар екенін мойындайды. Оның айтуынша, зейнетақы және басқа әлеуметтік төлемдер индексациялау инфляцияға қарай бюджеттік тәртіп бойынша жасалады.   

Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Ең төменгі зейнетақы, еңбекақы, жәрдемақы жөніндегі сіздің пікіріңізбен толық келісемін. Ең төменгі зейнетақыдан ең төменгі жәрдемақыға дейінгі стандарттарды қайта қараймыз. Қазір біз ұлттық және халықаралық сарапшыларды шақырып, жұмысты бастадық. Біраз ұсыныстарымызды даярлап жатырмыз. Соның нәтижесінде жұмыс тобы құрылады деп отырмыз.  

Биыл елімізде 1 миллионнан астам адамның жалақысы көбейеді.  Бұл " 2025 жылға дейін Халықтың табысын арттыру бағдарламасы" негізінде жүзеге асырылуда.   
 
Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тікелей шараларға келсек, 1,1 млн-нан астам жұмысшының еңбекақысын көтеру ескерілген, оның ішінде бюджет саласының 850 мыңнан аса қызметкерінің лауазымдық айлық ақысы артады. Дәрігерлердің жалақысы 320 мыңнан 531 мың теңгеге дейін, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 173 мыңнан 250 мың теңгеге дейін өседі.


Сондай-ақ, 2025 жылға дейін 2 миллион жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.  Алдағы уақытта өнеркәсіп секторында, инфрақұрылымдық дамуда, ауыл шаруашылығында, туризм саласында жұмысшылар саны артпақ.   
 

Ә. Дүкембаева