Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елбасы қытайлық инвесторларды қабылдады

AstanaTV
04.07.2016ж. 20:00
2533
Елбасы қытайлық инвесторларды қабылдады

Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыс нығая түспек. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев «CNPC» корпорациясы төрағалар кеңесінің директоры Ван Илиньді қабылдап, бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады.

Елбасын аталмыш компанияның Қазақстандағы қызметі, Қашаған кен байыту орнының қалыпқа келтіру шаралары және Қытайға қазақ газын экспорттау жұмысы қызықтырды. «CNPC» корпорациясы - елімізге ірі инвестиция құйып отырған серіктестің бірі. Сондықтан екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан ары дамыта түсу керек. Сондай-ақ, президент Ван Илиньге Астанадағы ұлттық би және балет жоғарғы мектебінің құрылысына да қолдау көрсетіп жатқанына алғысын білдірді.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Компания 1997 жылдан бері біздің экономикаға 10 млрд доллар инвестиция құйды. Сондай-ақа мұнай орындарын дамыту үшін қосымша 20 млрд доллар салып келді. Бұл үлкен инвестиция. Қазір мұнай-газ саласы эноргоресурстар бағасының құлдырауынан біршама қиын жағдайды бастан кешіруде. Сондықтан бірлесе отырып, әрекет жасауға талпынуымыз керек. 

Құралай ПИОНЕР