Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Е. Қошанов: "Мемлекет басшысына тірек болатынына сенімдіміз"

AstanaTV
30.05.2022ж. 20:00
1777
Е. Қошанов: "Мемлекет басшысына тірек болатынына сенімдіміз"

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Маңғыстау облысына  жұмыс сапарымен барды. Палата Спикері жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиын барысында Ерлан Қошанов еліміздегі елеулі оқиға қарсаңында Маңғыстау өңіріне арнайы келгенін айтып, алдағы референдумның мән-маңызына тоқталды. Мәжіліс Төрағасы Президенттің саясаты мен жаңа бастамаларына маңғыстаулықтардың үнемі қолдау көрсетіп жүргеніне аса назар аударды.

Мәжіліс Төрағасы Президент реформаларының басым бағыттарын Маңғыстау жұртшылығына түсіндірді. Сондай-ақ төраға  жаңа нормалар жайлы кеңірек айтты. Ерлан Қошанов Конституциялық соттың құрылуы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық мәртебе беру әділдік іздеген азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANАT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ел алдында тұрған биік мақсаттарға қол жеткізу үшін халқымызға ауызбірлік керек. Ендігі кезекте Президентіміздің жанына топтасып, ел өміріне оң өзгеріс әкелетін реформаларды жүзеге асыруға атсалысуға тиіспіз. Осы орайда маңғыстаулық азаматтарымыздың Мемлекет басшысына тірек болатынына сенімдіміз

Жиын барысында Ерлан Қошанов конституциялық реформа әділдікті орнату үшін қажет деді. Қатысушылар да мемлекет басшысының саяси бағытына жан-жақты тоқталды.

Жәнібек ҚОЖЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ:

Тоқаев мырза ҚР-ның конституциясына қолын қойып тұрып, ант етті. Мен ҚР-ның конституциясын бұлжытпай орындауға, салтанатты түрде ант етемін деді. Сондықтан дүниежүзі алдында, халықтың алдында өзі ант берген адам конституцияны бұлжытпай орындап келеді.


Даржок СЕЙБАҒЫТҰЛЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

Егемендікпен жолын салып берген, қаһарман бабаларымыздың аруағы үшін. Еліміздің болашағын нығайту үшін тыныштығын қорған сақтау үшін, ауыздарымыз бір болу керек. Ұйымшыл болу керекпіз ағайындар, сонда ғана біз қазақ боламыз. Сонда ғана біз тәуелсіздік боламыз, сонда ғана Қазақстан боламыз.


Маңғыстау жұртшылығымен кездесу барысында партия төрағасы бірқатар мәселелерді талқылады. “ҰЛТТЫҚ РУХ” қоғамдық бірлестігінің төрағасы - тарихи сәтте бір болып жұмылып, ел болуға шақырды.

Аят СҮГІРБАЙ, “ҰЛТТЫҚ РУХ” ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Маңғыстау жұртшылығы ыстық ықыласпен қабылдап жатыр деп айта аламыз. Өңірлерді осы ауылдарды, аудандарды аралап жүрміз. Жақсы қабылдап маңызды сұрақтарды қойып жатыр. Осындай тарихи шешуші сәтте, бірлігімізді танытып, сол мемлекет басшысына топтасып, ары қарай өз үлесімізді қосамыз деген сенімдемін.

Мәжіліс Төрағасы өңірге сапары барысында Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетін аралап, оқытушылармен және студенттермен әңгімелесті. Алдағы саяси науқанға үн қосып, еліміздің жарқын болашағы жолында аянбай қызмет етуге шақырды. Сондай-ақ, сапар соңында мұнай кен орындарындағы жұмыскерлермен сөйлесіп, референдумның мән-маңызын талқылады.  Маңғыстау мұнайшылары Президенттің саяси реформаларын қолдайтындықтарын жеткізіп, референдумға қатысатындарын айтты.

Ә. Дүкембаева