$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Биыл 300-ге жуық мәдени нысан салынып, қайта жөндеуден өтеді

AstanaTV
30.05.2022ж. 20:00
993
Биыл 300-ге жуық мәдени нысан салынып, қайта жөндеуден өтеді

Алматыда «Ұлт рухы – ұрпақ мұраты» атты алғашқы мәдениет форумы өтті.  Форум аясында 47 өнер майталманы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды. Сондай-ақ, еліміздің мәдениет саласындағы  түйткілді мәселелер талқыланып, жетістіктер туралы айтылды. Елімізде  7 мыңнан астам өнер ошағы бар. Оларды жөндеу, жабдықтау бойынша қазір жоспар әзірленіп жатыр. Биыл  300-ге жуық мәдени нысан салынып, қайта жөндеуден өтеді. Әсіресе ауылдық жерлердегі өнер ошақтарына көңіл бөлінбек.

Күміс СЕЙІТОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Форум аясында мәдениет саласында жүрген қайраткерлердің көкейінде жүрген біраз мәселелер көтерілетін болады. Біздің мәдениетімізді дамыту үшін, осы саладағы қызметкерлерді, шығармашылық интеллигенцияны қолдау үшін бұл өте маңызды шара.